jasqazaq.kz

Жаңа жоба 700 аруға жол көрсетеді

26 маусым 2023, 10:47

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз» деген болатын. Президенттің мәлімдемесі елмізді әртүрлі деңгейдегі азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына, бизнесті дамытуға арналаған мемлекеттік қолдаудың барлығы қолжетімді екенін алға тартқан болатын.

Шымкент қаласында да кәсіпкерлікті қолға алушыларға бағыт беруде «Атамекен» ҰКП қалалық филиалы бар. Мамандар кәсіп бастаймын деген шымкенттік арулар үшін жаңа жобаны әзірлеп отыр. «Мен кәсіпкер» деп аталатын бағдарлама ағымдағы жылы 700-ге жуық әйелді жетістікке жеткізбек. Өзінің қызығушылығы мен ынтасына қарай нақты саланы таңдаған жандар екі бағыт бойынша білім алып, кәсіп иесі атанады.

Шымкентте «Мен кәсіпкер» жобасымен оқимын деген азаматтарды қабылдау басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова мәлімдеді. Жоба – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және кәсіпке бағыт шеңберінде іске асырылады. Оқу барысы 7 бөліктен тұрады. Бұл бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту көзделген. Кәсіп иесі атанғысы келген жандар таңдау саласына қарай шаруашылық немесе аспаздық секілді арнайы орындарда үйренеді. 18 жастан асқан әйел азаматтар өтінім беру арқылы жобаға қатыса алады.Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 2022 жылы пилоттық жоба енгізілген болатын. Ол жоба өз тиімділігін көрсетіп, нәзік жандыларға 411 қызмет түрі көрсетілген. Ал, бір жылдан аса жеке кәсіпкер болып тіркелген аруларға арнайы мамандар арқылы тәлімгерлік қызмет көрсетіледі. Қазір мұндай 17 кәсіпкер әйел нақтыланған. Сондай-ақ, тек қыз-келіншектер қатыса алатын «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бар. Оның басты шарты – шикізат жергілікті өнім болуы керек. Осыған дейін Батыс, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай өңірінде пилоттық жоба ретінде қаралған бағдарламаны осы жылдан бастап барлық аймақ қолданып көрмек.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі