jasqazaq.kz

Жаңа көпқабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі тексеріледі

05 тамыз 2023, 15:34

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған өрттің салдарын жою мәселесі қаралды.
Премьер-Министр көпқабатты ғимаратта болған өрттен 42 адам зардап шеккенін айтып, Үкімет атынан қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың баяндауынша 16 қабатты үйдің кіреберісіндегі түтін туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына дереу екі бөлімше жіберілген.
Қаладағы көлік кептелісіне қарамастан, алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жетті. 30 минут ішінде ол жерге 15 техника мен жеке құрамнан 75 адам жиналды. Өрт сөндірушілер 80 адамды, оның ішінде 35 адамды арнайы құтқару бас киімінің көмегімен құтқарып  қалды.
Өрт бір жарым сағатта сөндірілді.
4 тамыздағы жағдай бойынша 5 адам медициналық мекемелерде стационарлық ем шараларын
қабылдап жатыр.
Өрттің себептерін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Атап айтқанда, кіреберістер мен зардап шеккен пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ тұрғындарды уақытша басқа жерге орналастыру (пәтер жалдау) бойынша шығындарды өтеу көзделген.
Премьер-Министр көпқабатты үйлерде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын өзектендіріп, сондай-ақ тұрғын үй инспекцияларының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.
«Төтенше жағдайлар министрлігі өткізіліп жатқан оқу-жаттығулар аясында халықтың өрт кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс», — деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Премьер-Министр барлық өңірде үй орамдарының инфрақұрылымын дайындау және оларды абаттандыру кезінде шұғыл қызметтердің қозғалысын да ескеру қажеттігін атап өтті, өйткені «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде ауладағы автомобильдер мен биік бордюрлар өрт сөндіру техникасының жұмысына кедергі келтірді.
Үкімет басшысы тұрғындарды үйлеріне тезірек қайтару үшін қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді;
өртке қарсы талаптарды сақтау бойынша жаңа көпқабатты үйлерге тексеру жүргізуді;
бүкіл елдегі ТЖМ бөлімшелерінде жыл сайын техника жаңарту кезінде биік ғимараттарда жұмыс істеу үшін арнайы техника қажеттілігін ескеруді тапсырды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста