jasqazaq.kz

Жаңа дастан жарық көрді

22 қазан 2024, 14:13

Бәріне ортақ журналистика

«Бәріне ортақ журналистика» — Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Курсқа қатысушы Айдос Байғалиев шағын ақпарат жазып ұсынды.

Алматыда «Алтай би» атты дастанның тұсауы кесілді. Қалың оқырманға жол тартқан тарихи шығарманың авторы — ақын, аудармашы Дүкен Мәсімханұлы. Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесерге әдебиет сүйер қауыммен қосаа, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты.

Бұл шығармада ойға көсем, сөзге шешен Алтай Найманбайұлының батырлығы мен Жетісу өлкесін жоңғар шапқыншылығынан қорғаудағы ерлігі баяндалған. Алаштың рухын оятатын дастан 11 бөлімнен тұрады. Әзірге кітап үш мың данамен басылып шықты.

Шығарма авторы Дүкен Мәсімханұлы: «Алтай би Найманбайұлы — қазақ даласынан жоңғарларды түбегейлі қуып шығуға, байтақ жерімізді жаудан азат етуге атсалысқан. Сондықтан осындай әр батырдың өмір жолын айшықтап, ғылыми айналымға енгізіп, көркем шығарма арқылы өскелең ұрпақтың жүрегіне ұсынуымыз қажет. Жастардың бойындағы отаншылдық сезімі осындайдан қалыптастады», — дейді.

«Алтай би» атты дастанның жарық көруіне Алтай Найманбайұлы қоғамдық бірлестігі ұйтқы боп отыр. «Бұл еңбек Алтай Найманбайұлының ерлігін дәріптеуде атқарылып жатқан басты іс-шаралардың бірі» — дейді ұйымдастырушылар.

Айдос Байғалиев,
Алматы
Суреттерді түсірген автор

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық