jasqazaq.kz

Жаңа бөлімше жылына 600 баланы оңалтудан өткізуге мүмкіндік береді

02 сәуiр 2023, 14:09

«Елімізде 49 оңалту орталығы ерекше балалардың емінде маңызды рөл атқарып келеді. Оның ішінде мемлекеттік оңалту орталықтарынан бөлек, «Қамқорлық» бастамасының аясында ашылған 22 оңалту және ерте араласу орталықтары бар». Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова Шымкент қалалық №2 оңалту орталығы базасында ашылған «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесінің салтанатты жиынында мәлімдеді.
Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 оңалту орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Салтанатты жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М.Ембергенова, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Б.Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Басқарушы директоры Ғ.Ауғанов, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, «Қамқорлық» КҚ директоры А.Еркінова қатысты.

– №2 оңалту орталығы ұзақ жылдардан бері балалардың денсаулығын жақсартуға атсалысып, оңалту ісімен айналысып келе жатқан ұйым. Ғимарат өткен жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бүгін ерте араласу бөлімшесі ашылып отыр. Оған «Samruk-Kazyna Trust» қоры да атсалысты. Осы оңалту орталығында кешенді ем алуға жағдай жасап отырған демеушілерге алғыс білдіреміз, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Игі іс «Қамқорлық» корпоративтік қорының «Қамқорлық» бастамасы аясында «Қазақстан халқына» қоры, Нұрсұлтан Назарбаев қоры және «Samruk-Kazyna Trust» қорының атсалысуымен жүзеге асып отыр.

–Шымкенттегі «Қамқорлық» ерте араласу орталығы елімізде биыл ашылатын 13 орталықтың алғашқысы болып отыр. Жыл соңына дейін Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында ашылады. «Қазақстан халқына» қоры өз алдына мұндай орталықты аша алмас еді. Себебі, мұндай оңалту орталықты құру шаралары өте ауқымды. Бұл тұста орталықты ашуға мүмкіндік беріп, ғимарат ұсынып, құжаттық жағынан атсалысқан Шымкент қаласы әкімдігіне алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, осындай игі істің басы қасында жүріп, үйлестіріп, жұмыстың басым бөлігін өз жауапкершілігіне алған серіктесіміз «Қамқорлық» қоры жұмысының маңыздылығын атап өткен жөн. Еліміздің Үкіметі, Денсаулық сақтау министрлігі, барлығы дерлік атсалысып отыр. Бұл игі іс еліміздегі ерекше балалардың денсаулығын жақсартуды көздейді, — деді «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата