jasqazaq.kz

Жамбылда қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды

18 сәуiр 2023, 14:24

Жамбыл облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы, Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыттың аумағында іздестіру шараларын жүргізіп, қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған орынды тапты. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Жамбылдық полицейлер былтырғы қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапаншасын, сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18-Е бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18 аңшылық мылтықты, Ф-10 жауынгерлік сынық гранатаны, жарық-шу гранатаны, қорғаныс кеудешені, 5,45х39 мм калибрлі 200 патронды тәркіледі.

«Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287 — бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура