jasqazaq.kz

Жамбылда 800 мың тонна өнім босқа шіріп кетті

20 қыркүйек 2016, 13:42

Бүгiн Үкiмет отырысында әлеуметтiк маңызды азық-түлiк пен бiрiншi кезектегi бiрқатар тауар бағасының өсуiне қатысты жағдай талқыланып жатыр. Баға өсiмi бар өңiрлердiң әкiмдерi есеп бердi. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкiмдерiне бағаны тұрақтандыру үшiн тиiстi iс-шараларды қабылдап, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы бағаны тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмысты сынға алды.

«Жамбыл облысында картоп көп көлемде өндiрiледi. Қолда бар мәлiметке қарағанда, өндiрiлген өнiмдi ешкiм алмайды, баға көтерiледi. Ешқандай сақтайтын орындар жоқ. Өндiрiлген өнiмнiң 800 мың тоннасы бостан-босқа шiрiп кеттi. Екiншiден, тұрақтандыру қорының 430 млн теңгесі депозитте пайдаланылмай жай жатыр», — дедi Б.Сағынтаев.+

Ал Астанада жарма мен тұз бағасы қымбаттаған. Екi жағдай бойынша да құжаттар монополияға қарсы мекемеге тапсырылыпты. Премьер-министр баяндамашыдан елорда жанындағы азық-түлiк белдеуiнiң тиiмдiлiгiн сұрады. Қала әкiмiнiң орынбасары тұшымды жауап бере алмады.

Алматы қаласында қарақұмық бағасы айтарлықтай қымбаттаған әрi тұрақтандыру қорында да жоқ. Б.Сағынтаев қала әкiмiне мәселенi шешудi тапсырды.

bnews.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде