jasqazaq.kz

Жамбыл облысындағы шенеуніктер туыстарына жер пайдалану құқығын берген

27 мамыр 2025, 14:42

Жамбыл облысының лауазымды тұлғалары жақын туыстарына жер пайдалану құқығын берген, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімі жұбайының анасына бір жыл мерзімге 0,0692 гектар жер телімі бау-бақша өсіруге берілген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.

Қаратөбе ауылдық округі әкімінің әпкесі бау-бақша өсіру үшін 0,1 гектар жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 гектар жер теліміне құқық алған.
Әкім әйелінің әкесіне 0,3500 гектар жер телімін берген.

Жамбыл аудандық сотында мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбауына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы).

Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындады.
Сот оларды ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

JQ-Aqparat

Фото: ntime.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы