jasqazaq.kz

Жамбыл облысында үш кішкентай бала газдан уланып көз жұмды

20 сәуiр 2025, 19:44

Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Жамбыл облысы Мерке ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.
Хабарламада: «19 сәуірде Меркі аудандық ауруханасына көмірқышқыл газына уланған үш кішкентай бала (2017 жылғы, 2019 жылғы және 2021 жылғы) жеткізілді. Өкінішке қарай балалар ес-түссіз, есін жимаған күйде көз жұмды» делінген.
Әзірге белгілі болғандай, анасы қыздарын үйге қалдырып, сыртынан жауып кеткен.  Ал қайтып келгенде газдың иісі шығып тұрған.
19 сәуір күні «Адам өлу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Әкімдік мәліметінше, бұл отбасына бұған дейін әлеуметтік көмек тұрақты көрсетілген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.
20 сәуір күні аудан әкімдігінің қолдауымен Ойтал ауылдық округінде жерлеу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.
JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі