jasqazaq.kz

Жамбыл облысында туыстары келіншектің денесін аурухана жертөлесінен тапты

26 наурыз 2025, 14:41

Шу қаласының тұрғындары журналистерге дәрігерлер науқастың өлімін жасыруға тырысты деп мәлімдеді.

Тұрғындардың айтуынша, ерлі-зайыпты 5 жылдан астам уақыт бойы сәбилі болуды күткен. Былтыр жасанды ұрықтандырудың нәтижесінде келіншек жүкті болған. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Ресми емес ақпарат бойынша, 5 наурыз күні әйел ауырып, жүктіліктің 34-ші аптасында Шу қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызылған. 9 наурыз күні кешке оның жағдайы күрт нашарлап, комаға түседі. Ал 10 наурызда дәрігерлер ота арқылы іштегі өліп қалған баланы алып тастады. Сол кезден бастап келіншек жансақтау бөлімінде болды. Ал 2 күннен кейін есін жимастан қайтыс болған. Марқұмның туыстары әлеуметтік желілерде шу шығарды. Олар келіншектің өлімнің алдын ала себебі деп берілген «көптеген органдардың жеткіліксіздігі және мидың ісінуі» диагнозымен келіспейді.

Жергілікті тұрғындар және журналистер бұл істі «жабулы қазан күйінде» қалдырмай, жария етті. Туыстарының айтуынша, күйеуі әйелін ауруханадан іздеген, алайда оның ісініп, иістене бастаған денесін аурухананың техникалық бөлмелерінің бірінен тапқан.

Әлеуметтік желіде Шу қалалық көпсалалы ауруханасы «бұл жарияланған ақпарат жалған және науқас 22 наурыз күні сәтсіз реанимациядан кейін жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігіне байланысты қайтыс болды» деп жауап берді.

— Шу көпсалалы аудандық орталық ауруханасында ана өліміне байланысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында осы факті бойынша жұмыс тобы құрылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті осыған орай тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері мен сараптама қорытындысы кейін жарияланады, — деп жауап берді денсаулық сақтау басқармасында.

Жамбыл облыстық полиция департаменті медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауынан абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру және өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қажетті сараптама жасау үшін мәйіт Таразға жіберілді.

Фото: Pixabay.com

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды