jasqazaq.kz

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

22 қазан 2024, 15:18

Бәріне ортақ журналистика

«Бәріне ортақ журналистика» — Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Курсқа қатысушы Ақжол Бектұрған Жамбыл облысында өткен тазалық акциясы жайында жазды.


Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Акция аясында облыстың барлық аудандарында қоғамдық орындар, көшелер, базарлар аумағы мен су айдындарының жағалауы тазартылды.
Акция аясында бірқатар тазалық шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақтың көне салты «Асар» дәстүрі қайта жаңғырды.
Талас өзенінің жағалауын қоқыстардан тазартуға волонтерлер тартылды. «Жастар Таза Қазақстан үшін!» экологиялық акциясына 200-ден астам жас қатысып, пластик қалдықтарды жинап, 400 қап қоқысты арнайы орынға апарып төкті.


Басым көпшілігі жастарды құраған акция қоршаған ортаның ластану мәселесіне, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіруде үлкен рөл атқаруда.
Сонымен қатар, Тараз қаласының «Көктем» алқабында, Байзақ, Қордай, Сарысу аудандарындағы облыстық және аудандық деңгейдегі жолдардың бойында, саябақтарда орталық көшелерде қураған шөптерді шабу жұмыстары өткізілді.


Еріктілер мен жергілікті тұрғындар базар аумағын қоқыстан тазартып, жол бойындағы және сауда орындарындағы аймақтарды ретке келтірді. Сондай-ақ, қатысушылар базар маңайындағы жасыл аймақтарды суғарып, ағаштар мен гүлдерді ретке келтіру жұмыстарын атқарды. Бүгінгі күнге Жамбыл облысында акция аясында 320 мың шаршы метр әуежай, теміржол, автобекеттер мен автобус парктерінің іргелес аумақтары, 206 мың шаршы метр отын-энергетика кешенінің, 108 мың шаршы метр емдеу орталығының, 508 мың шаршы метр оқу орындарының, 280 мың шаршы метр орта және шағын кәсіпорын аумағы тазартылды. 818 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 125 мың тұрғын үй ауласы мен 4,5 мың шақырым көше тазаланып, 12 мың тонна қоқыс шығарылды.

Ақжол Бектұрған,
Суреттер: Жамбыл облысы әкімдігі

23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
23 сәуiр, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
23 сәуiр, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
23 сәуiр, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт