jasqazaq.kz

Жамбыл облысында полиция бөлімі басшысының орынбасары ұсталды

10 ақпан 2025, 10:23

Прокуратура Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігі бойынша ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

— Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру), — делінген Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдемесінде.

Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарына сәйкес ұсталып, оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі