jasqazaq.kz

Жамбыл облысында мұғалім болу үшін 2 млн теңге сұрай ма? Министр жауап берді

16 тамыз 2024, 11:31

Астанада өтіп жатқан ауыл мектептеріндегі педагогтердің республикалық форумында Жамбыл облысынан келген мұғалім Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірдегі жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, ол жерде мұғалім болып жұмысқа тұру үшін екі миллион теңгеге дейін пара беру керек.

«Қазігі кезде Ақмола облысында жұмыс істеп жүрмін. Ал негізі өзім туған Жамбыл облысында жұмыс істегім келген. Бірақ ол жақтағылар «орын жоқ» деген желеумен шығарып салды. Министрлікке арыз жазсақ, дәлел сұрайды. Жарайды, мен ізденіп жүріп Ақмола облысынан жұмыс таптым. Ал менің ізімді басатын інілерім мен сіңлілерім де ертең мен көрген дүниелерді көрмесе екен деймін. Қазір бір жерге жұмысқа кіру керек болса, кемінде 1 млн теңге, әйтпесе 1,5-2 млн теңге сұрайды. Тек педаоготер арасында демеймін. Негізі оңтүстікте сыбайлас жемқорлық көп салаға кіріп кеткен. Ең маңызды мамандық деп есептелетін мұғалімдер де осындаймен бетпе-бет келіп жүр. Қашан мен сияқты жастар ақшасыз, өзі жұмыс табатын күн болады?» – деп сұрады жас мұғалім.

Ғани Бейсембаев сыбайлас жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті екенін айтты. Барлығы өзімізден басталады деп айтты.

«Сұрақ қойдыңыз ғой, енді осыны өзіңізден бастаңыз. Ешкімге ренжімей, адал болыңыз. Айналаңыз ұрлап жатса да, адалдықты сақтаңыз. Менде мына жақта күйіп отырамын. Қанша рет тексеру жібердік?! Бір Түркістан облысына ғана 10 рет тексеру жібердік. Қоятын кез келді ғой… Бірақ бүкіл өңір жаман деуге болмайды. Сіз ақыры Ақмола облысына келген екенсіз, осы жерде мықты маман ретінде жұмыс істеп жетіліңіз. Одан кейін мен сізді Жамбыл облысына басқарманы басқаруға жібере аламын. Сол кезде осы былықтың бәрін жойып, тәртіпке келтіре аласыз», – деді министр.

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін