jasqazaq.kz

Жамбыл облысында мектептің мұғалімдері балгерді күту үшін ақша жинаған

06 қыркүйек 2024, 12:41

БАҚ-қа тараған ақпаратқа қарағанда, Жамбыл облысының Тереңөзек ауылында емші Гүлсара Суазқызы келіп кеткеннен кейін дау туындаған. Оның өзі Томирис есімімен танымал балгер. Жергілікті тұрғындар мұғалімдерден жиналған ақшамен оған құрмет көрсетіп, күтіп алған. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайты жазды.

Тuraninfo.kz ақпарат көзінің журналистері Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қанат Сматқа қоңырау шалған. Әкім “ол қонақтарды күтіп алу, жатар орынға жайғастыру, дастархан шығындарына аудан әкімдігінің де, біздің де еш қатысымыз жоқ” деп жауап берген.

Гүлсара Суазқызы бастапқыда мектеп директоры Зәкімбаева Эльмираға хабарласып, ауыл тұрғындарымен қатар, мектеп оқушыларымен кездескісі келетінін жеткізген.

29 тамыз күні Томириске мектеп тарапынан «Туған жерге тағзым» — «Мектепке жол!» республикалық қайырымдылық акциялары аясында іс-шара ұйымдастырылған. Мектеп басшылығы журналистерге ұстаздардан емшіні күтіп алу үшін ақша жиналғанын растаған.

“Талайды таңқалдырған” Томирис — Гүлсара Суаз қызы өзін ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мишель Нострадамус атындағы Проскопия ғылымдарының академигі деп таныстырған.

Сурет: turaninfo.kz

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі