jasqazaq.kz

Жамбыл облысында қылмысты жасырған мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

23 мамыр 2024, 12:07

Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Білім ордасының басшылығы қанды қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

8 сыныптың оқушысы мектеп дәретханасынан өлі табылған болатын. Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып жан тапсырғанын анықтаған. Алайда қылмыс болған күні мектеп директоры «оқушының жүрек талмасы ұстап қалды» деп жалған мәлімет берген. 14 жасында мерт болған баланың ғы ата-анасы бұған дейін мектептегі әлімжеттік туралы айтып, мектеп ұжымына бірнеше рет шағымданған. Енді балаларға қатысты қауіптің алдын алмаған мектеп басшысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шавхат Таштеміров, Жамбыл облысы прокурорының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға көмекшісі: — Өкінішке қарай, мектеп басшылығының тарапынан дер кезінде шара қабылдамауынан жеткіншек мерт болды. Директорға қатысты ҚР ҚК 432-бабымен, «қылмысты жасырып қалу» фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Еске салсақ, аталмыш оқиға 30 сәуір күні Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің дәретханасында болды. 9-сыныптың оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын жеткіншектің кеуде тұсынан ұрған. Қазір 15 жастағы күдікті қамауда отыр.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі