jasqazaq.kz

Жамбыл облысында қатты желден 15-ке жуық ауыл газсыз, жарықсыз қалды

05 сәуiр 2023, 11:17

Жамбыл облысында қатты жел тұрып, 15-ке жуық ауыл жарық пен газдан қағылды. Дүлей дауыл талдарды тамырымен қопарып, электр бағаналары мен газ құбырын талқандаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қордай мен Шу ауданында секундына 30 метр жылдамдықпен соққан күшті жел төрт күн бойы толастамаған. Шуда мыңға жуық тұрғын жарықсыз отырса, Қордай ауданының алты елдімекені қараңғыда қалды. Газдан ажыратылған үйлер де көп. Мұнда үш мектеп пен бір балабақшаның шатырын жел жұлып әкеткен. Құлаған ағашта есеп жоқ. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Қос ауданды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Шенеуніктер бүгін түнге дейін тұрғындарға газ бен жарық толық беріледі деп сендіреді. Болжам бойынша, келтірілген шығын көлемі 100 миллион теңгеге жуықтаған.

Нұрболат Сатымқұл, Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы:

— Қатты дауылдан талдар мен ағаштар жоғарғы вольт электр сымдарына түсіп, алты ауылдың жарығы сөнді. 2500 абонент жарықсыз қалды. Сонымен қатар ағаштар газ құбырларына құлап, Жамбыл, Арал ауылдарында 800-ге жуық абонент газсыз қалды.

&nbsp

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық