jasqazaq.kz

Жамбыл облысында қайтыс болған қыздың туыстары ауруханаға басып кірмек болған (Видео)

07 сәуiр 2025, 12:04

Полицейлер қазіргі мән-жайды анықтап жатыр.

inform.kz хабарлағандай, жүкті әйелдің өліміне кінәлі деп танылған медицина қызметкерлерін тәртіптік жазалаудан бөлек, одан да ауыр жаза күтіп тұр. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Шу ауданында медицина қызметкерлерінің кәсіби міндетін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғанын атап өтті.

Сондай-ақ жақында аурухана ғимаратында жанжал болғаны белгілі болды. Ғаламторда марқұмның туыстары аурухана ғимаратына басып кіріп, жанжал шығарғаны түсірілген кадрлар пайда болды. Олар шыны есіктерді сындырып, медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Видеода полиция қызметкерлерінің жанжалды шешуге тырысып жатқанын көруге болады.

Полиция департаменті Шу қаласындағы көпсалалы аудандық аурухана ғимаратындағы жанжалға қатысты құқық қорғау органдарына арыз, шағым түспегенін атап өтті.

Осы ретте полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі