jasqazaq.kz

Жамбыл облысында «Бекет-2024» оқу-жаттығуы басталды

23 қыркүйек 2024, 18:46

Кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығуға қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері жұмылдырылған.

Қорғаныс министрлігінің үйлестірумен басқару органдары, Полиция департаментінің, ҰҚКД, ТЖД және аумақтық қорғанысты қалыптастыру өңірлік бөлімшелері дағдарыс жағдайы туындаған кезде қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың түрлі сценарийлерін пысықтайды. Жамбыл облысының әкімі басқаратын өңірлік жедел штаб пен қорғаныс кеңесінің жұмысы ұйымдастырылады.

«Оқу-жаттығу мемлекеттік органдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелері жұмылдыру дайындығының жай-күйін тексеруге, ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуге және түрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға бағытталған», – деді Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары – аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы генерал-майор Асқар Жоламанов.

Қазіргі уақытта «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Айша бибі» оқу орталығының базасында Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының құрамына кіретін жиынға шақырылған запастағы офицерлер мен сержанттар атыс дайындығы бойынша сабақтарға кірісті. Алдағы уақытта олар өңірлік жедел штабпен өзара іс-қимыл жасай отырып, маңызды мемлекеттік және әскери объектілерді күзету мен қорғау мәселелерін іс жүзінде пысықтайды.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі