jasqazaq.kz

Жамбыл облысында қарақшылық топ құрықталды

04 ақпан 2017, 11:02

Жамбыл облысында транзиттік автокөліктерге шабуыл жасап, тонаумен айналысқан қарақшылық топ құрықталды.

 Олар мемлекеттік нөмірсіз «Фольксваген Гольф» автокөлігін мініп, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған. Қарулы қарақшыларды қолға түсіру оңайға соққан жоқ. Күдіктілерді ұстау үшін полицейлер қару қолданып, тіпті қызметтік көлікпен соғып әрең құрықтады.

Баукеспелер мінген көлікте бетперде киген үш азамат отырған. Олар Алматы, Жамбыл, Қарағанды облысының азаматтары болып шықты.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

— Күдіктілер Мойынқұм ауданында Балхаш көліне жақын жерде қолға түсті. Олар полицейлерді көрген бойда қаша жөнелген. Тоқтату үшін қару қолдануға тура келді. Қазір барлығы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде