jasqazaq.kz

Жамбыл облысында айналымнан 6 тоннаға жуық есірткі алынды (Видео)

12 қантар 2024, 12:34

Жамбыл облысында өткен жылы 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді. Polisia.kz хабарлағандай, есірткі бизнесіне қарсы күрес форпосттарының бірі болып саналатын Жамбыл облысында есірткі қылмыстарын анықтау жұмыстары тоқтаусыз және жан-жақты жүргізіледі.

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жанданды. 2023 жылдың 12 айында есірткі қылмысының 576 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 5 тонна 818 келі есірткі алынды. Өткен жылы жамбылдық есірткі қылмысына қарсы бөлініс қызметкерлері қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша бірқатар ірі арнайы операциялар жүргізді.

Арнайы қызметтермен бірлесе отырып, Шымкент қаласы мен Алматы облысына “героинді” жеткізу арнасының жолы кесілді.

– ҰҚКД-мен бірлесіп, Байзақ ауданында есірткі зертханасы жойылды, жасырын бизнесті ұйымдастырған 5 адам ұсталды. Есірткі өндіру синтетикалық есірткі өндірісінің өнеркәсіптік ауқымына лайықты есептелген. Полицейлер 34 келіден астам синтетика және 4 тонна прекурсорлар тәркіледі. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткі тұтынушыларға жеткізілетін 6 миллионнан астам доза жойылды. Олардың қылмыстық әрекеттерінің ауқымы түсінікті болу үшін синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшері бір грамнан басталатынын айта кеткен жөн, – деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі