jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 1050-ге жуық көлік қар құрсауында қалды (Видео)

08 қантар 2025, 9:37

Сурет: Depotiphotos.com

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығы орын алып, қозғалыс шектелген жолдардың бойында 1050-ге жуық көлік тоқтап тұр, деп хабарлайды jasqazaq.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Боранды жел, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Тараз қаласынан Түркістан облысына (Жуалы ауданы) және Алматы облысына (Қордай ауданы) көлік құралдарының барлық түрлері үшін азаматтардың қауіпсіздігі үшін жол жабылды. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін, төтенше жағдайлардың болуының алдын алу мақсатында аталған тас жолдарда полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Олар жүргізушілер мен басқа да азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде. Барлығы 100-ден астам полиция қызметкері, 45 автоэкипаж жұмылдырылды.

«Жуалы ауданының Шахан асуында қалып кеткен 14 тұрғын учаскелік инспекторлармен Көлтоған ауылына жеткізіліп, туыстарының үйлеріне орналастырылды. Одан бөлек қар құрсауында қалып кеткен 10-нан аса көлік патрульдік полицейлермен құтқарылды. Патрульдік экипаждар көлік колонналарын ілестіріп сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастыруда. Республикалық маңызы бар автожолдарды тазартып, жолдарды ашуға арнайы техникалар жұмыс жасауда» — делінген ПД хабарламасында.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жағдай жақсарғанға дейін мүмкіндігінше алыс жолға шықпауды ескертеді.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі