jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 1 млн теңгеге жуық айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды

10 желтоқсан 2025, 14:12

Жамбыл облысында 1 млн теңгеге жуық айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері «Борышкер» жедел іс-шарасы барысында жалпы сомасы 1 млн теңгеге жуық айыппұлы бар Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісін анықтады. Рейд кезінде ол жол ережесін өрескел бұзып, қауіпті маневр жасағаны үшін тоқтатылған.

Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін 43 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды: бірнеше рет жылдамдықты шектен тыс асырған, бағдаршамның тыйым салу сигналын елемеген, жаяу жүргіншілерге жол бермеген және техникалық құжат талаптарын орындамаған. Уақытында төленбеген айыппұлдар нәтижесінде қомақты қарыз жиналған. Өрескел құқық бұзушының көлігі бірден айып тұраққа қойылды. Жалпы «Борышкер — 2025» іс-шарасының бірінші күнінде облыс аумағында 174 автокөлік айып тұраққа орналастырылды. Полиция борышкерлерді анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін еске салып, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады.

 

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті