jasqazaq.kz

Жамбыл облысы әкімдігінде тағайындау болды

18 мамыр 2016, 15:30

18.05.2016-TAR-2

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы болып Есімбеков Болат Дәулетбайұлы тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Болат Есімбеков 1978 жылы туған. Білімі жоғары. 2000 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «инженер-экономист» және 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы локомотив пайдалану депосының бухгалтері болып бастаған.

2003 – 2012 жылдары «КазТрансСервис» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалында есепші, «СТК – Сервис Лимитед» ЖШС-де бас есепші, директор, «Қамқор Вагон» ЖШС-нің филиалында бас есепші қызметтерін атқарған.

2012 – 2015 жылдары «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның бас есепшісі, вице-президенті, «ТЭК Элит» ЖШС — нің қаржы директоры болған.

2015 жылдың шілде айынан бастап «Caspian Contractors Trust» ЖШС-нің бас директорының экономика және қаржы мәселесі бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Асқар Рыспаев тағайындалды.

Асқар Рыспаев 1958 жылы туған. Білімі жоғары. 1980 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «сәулетші» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында оқытушы болып бастаған.

1982-1989 жылдары «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалау институты, «Мангышлакнефтегазстрой» №2 трестінде сәулетші, шебер, бас инженер лауазымдарын атқарған.

1989-1996 жылы Жаңаөзен қаласының, Жамбыл қалалық сәулет басқармасының бас сәулетшісі қызметтерінде болған.

1996-2000 жылдары «Жамбылгражданпроект» АҚ-ның президенті, 2000-2005 жылдары «Госархстройконтроль» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақмола облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және көлік шаруашылығы басқармасының бастығы-бас сәулетшісі, Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі, 2005-2010 жылдары «Арт-Сәулет» жобалау-құрылыс фирмасының директоры, Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарында болған.

2010-2011 жылдары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның бас сәулетшісі қызметін атқарған.

2011-2015 жылдары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры қызметін атқарған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде