jasqazaq.kz

Жамбыл ауданында «Киелі мекен» акциясы өтіп жатыр

15 сәуiр 2024, 15:14

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы басталғалы бері Жамбыл ауданындағы 61 елдімекенде күнделікті сенбілік өтуде.

Бүгін ауданымыздың рухани орталығы болып саналатын, Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаевтың музейінде 500- ден астам адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті.

Өткен аптада “Таза өлке” акциясы бойынша желілік кестемен өткен сенбілік енді “КИЕЛІ МЕКЕН” акциясымен жалғасты.

Жамбыл ауылында өткен сенбілікке ауыл тұрғы, зиялы қауым өкілдері, өнер саласының қызметкерлері, ардагерлер, жастар, еріктілер, депутаттар қатысты.

“Киелі мекен” акциясы аясында Жамбыл ауданында орналасқан 51 ескерткішті тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргілетін болады.

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік “Таңбалы” музейінде де өтіп жатыр.
Тазалық — денсаулық кепілі, ол үлкен мәдениеттіліктің белгісі.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға аудан халқы белсенді қатысуда.

Бұл экологиялық акция тұрақты жалғаса береді. Барша аудан тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі