jasqazaq.kz

«Жалғыздық адамды шаршатады екен»: Мақпал Жүнісова желіде жан сырын ақтарды

05 мамыр 2025, 11:23

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жалғыздықтан шаршағанын жеткізді. 

Өзі айтқандай, оның жалғыз жұбанышы қызы Мерей.

Маұпал Жүнісова: «Қызымның айтқанын тыңдаймын. Сәл сырқаттанып қалсам, жаны шығып кете жаздайды. Мама, сен ауырмашы, сен әлі керексің дейді. Ақыл айтып қоятыны да бар. Балам емес, менің досым сияқты. Сырымның бәрін Мерейге айтып отырамын. Мұңымды шағамын. Оны бала ғой демеймін.

Кейде жалғыздық деген адамды шаршатады ғой. Зәкеңді қайта-қайта еске алатын кездерім болады. Ондайда халықтың өзі басу айтады. Сіз жалғызбын деп айтпаңыз, біз бармыз, сізді жақсы көретін халық бар екенін ұмытпаңыз, сіз бақытты болуға лайықсыз, сіз бақыттысыз деп жатады. Әрине, халықтан үлкен емеспіз. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген. Халықтың сөзін тыңдаймын. Өйткені бізге баға беретін де, көкке көтеретін де халық. Сүрініп кеткенімізді кешіретін де халық. Ал сахнада өзімді бақытты сезінетінім рас», – деп ағынан жарылды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі