jasqazaq.kz

Жалғыз жүрген қыздарды тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

14 желтоқсан 2023, 14:37


Алматыда бірқатар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, М.есімді азамат негізінен Абай даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысына жақын жерде «жұмыс істеген».
«Күдікті өтіп бара жатқан адамдарды мұқият бақылаған. Кеш және жалғыз қайтып келе жатқан қыздарға аса назар аударған. Жандарынан жүгіріп өтіп қолдарынан телефонын тартып алып отырған. Сөйтіп, кешкі 20.00 шамасында 20 жастағы қыздың қолынан IPhone телефонын тартып алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда аудан бойынша 7, Бостандық ауданында 7 зардап шеккен азаматтан арыз келіп түсті. Қаскөй жасаған қылмысын мойындады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша тергелуде. Сот қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі