jasqazaq.kz

Жалғыз, 4 баласы бар: Айгүл Мүкей үйінен айрылған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау көрсетті

11 желтоқсан 2024, 14:32

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтықтың арбауына түсіп, пәтерінен айрылып қалғанын бірнеше рет жазған едік. Бірақ екі сотта да ол жеңіліп қалды. Осы мәселеге қатысты тележурналист Айгүл Мүкей өзінің Инстаграм парақшасына жазып, қолдау білдірді: «Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 3 жыл бұрын Tumar Grand Village коттедж қалашығында үй салып беремін деген Диляра деген біреудің сөзіне сеніп қалды. Диляра Жұлдыздың пәтерін баурының атына тіркеген.

3 жыл өтті, үй салынған жоқ, үй салатын жер несие мекемесінде кепілзатқа қойылған. Диляра Жұлдызды уәдемен алдап келген. Жұлдызбен бірге 10 адам зардап шеккен.

Үй де жоқ, пәтер де жоқ… Жұлдыз сотта жеңіліп қалды (әзірге).

Оны қорқытып-үркітіп, «бізге не істей аласың» деп мысқылдайтын көрінеді… Баспасөз мәслихатын өткізіп қайтесің, біреулерге кір, мәселеңді шешесің дейді…
Жұлдыз Заңның әділдігіне сенеді, алаяқтар жазасын алады дейді.

Мен Жұлдызды баяғыдан білем. Қайсарлығы бір басына жетеді, 4 баласы бар, пәтерінен айрылды…
Оның орнында басқа біреу болса, еңірегенде етегі жасқа толар еді. Ол әділдік жеңетініне сенеді, үміттенеді…

Мен оның құрбысы және ана ретінде Жоғарғы сот пен басқа да құқық қорғау органдарын Жұлдыздың мәселесіне назар аударуға шақырамын».

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі