jasqazaq.kz

Жалған психологтар мен коучтардан қалай арыламыз?

24 ақпан 2025, 11:57

Елде психологтардың қызметін реттеу қажеттілігі туралы мәселе көтерілді. Бұл тақырып Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында талқыланған болатын.

Депутат Айна Мусралимованың айтуынша, психикалық денсаулық орталықтарында 300 мыңнан астам қазақстандық есепте тұр. Бірақ салада маман тапшылығы өте жоғары.
Ал Қазақстандық когнитивті мінез-құлық терапиясы қауымдастығының президенті Евгений Ян елдегі «психологтар мен шамандарды» ажырату қажеттігін атап өтті. Ол тек кәсіби білімі бар мамандарға ғана жұмыс істеуге рұқсат беру керек екенін айтты.
«Бірінші кезеңде жоғары білімі жоқ адамдарды психология саласынан шығару керек. Бакалавриат деңгейі, кәсіби қайта даярлау және жоғары білімі барлар ғана қалуы тиіс. Мамандарға біліктілігін арттыруға уақыт берілуі керек. Медициналық ұйымдарда клиникалық психолог статусы енгізілуі қажет. Консультативті практикада біліктілікті арттыру талаптары да белгіленуі тиіс», – деді ол.

Бұған қатысты Jas Qazaq тілшісі психологтар мен заңгердің пікірін сұрады. Психолог Меруерт Айталы бұл мәселеге басқаша көзқараспен қарайды:
«Қатып қалған қағида жоқ. Бастап жатқан мамандарды қолдау керек. Мен Германияда диссертация қорғадым. Ол жақта жасың маңызды емес, бастысы – тәжірибең. Алдымен жұмыс істеп, содан кейін диплом алуға болады. Теорияны үйрену тәжірибеден жеңіл. Негізінде, психологтар кеңес бермейді, тек бағыт-бағдар көрсетеді.»

Ал психосомат Нұрлан Несіпбай «бұл жай ғана ел арасындағы пікір» деп қысқа қайырды. Психиатр Санжар Тұрсынметов болса, «барлық психологтарда диплом болуы міндетті» деп санайды.

Ал заңгер Жандос Оразов жалған мамандарды заңмен ажыратып, жөнге салу керек деп отыр.

«Бұл – инфосығандар. Олардың кесірінен зардап шеккендер аз емес. Бірақ бізге келген істер көбіне азаматтық іс ретінде қаралады, қылмыстық іс қозғау қиын. Себебі олар заңды айналып өтуді біледі. Көптеген өзін-өзі жарнамалаған мамандардың мақсаты – пайда табу. Сол себепті халықтың алдануы жиіледі. Әлеуметтік желіде өзін эксперт деп жариялап, білімсіз адамдарды шатастырып жүргендер көп. Негізінде, мұндай жалған психологтар мен коучтарға ҚР ҚК 190-бабы – «Алаяқтық» бойынша іс қозғалуы мүмкін.»- деді заңгер.
Айта кетейік, бұл жалғыз біздің елде көтерілген мәселе емес. Апта бұрын Ресейдің Мемлекеттік Думасында да депутаттар жалған мамандардың қызметін заңмен шектеу қажеттігі талқылаған. Ал Өзбекстанда былтырдан бері әлеуметтік желіден және интернеттен психология аясындағы алаятардан тазарту жұмыстары жүргізілген.

Олжас Әбдіхалық

Фото: biz-coach.ru

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті