jasqazaq.kz

Жалған құжат жасаған тараздық шенділер ұсталды (Видео)

30 шiлде 2024, 10:42

Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары жалған құжат жасап, мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірді.

Қаржылық мониторинг агенттігі мен Жамбыл облысының прокуратурасы бірлесіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған. Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады», — деп хабарлады ҚМА.
Жедел тергеу іс-шаралары, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі