jasqazaq.kz

Жалған билет сатқан астаналық ұсталды

13 желтоқсан 2023, 10:27


Алаяқ астаналық тұрғындарға концертке жалған билет сатқан. Polisia.kz хабарлағандай, қазіргі уақытта Алматы ауданының полиция бөліміне алданған 8 азамат жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер Ақтөбе облысының 23-жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Жас жігіт OLX хабарландыру қызметін пайдаланып, әйгілі әншінің концертіне билеттер сатқан. Билеттердің құны 10 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейін болған. Сатып алушылар төлемдерді банктің мобильді қосымшасы арқылы жіберген. Сатушы билетті WhatsApp арқылы жіберуге уәде берген. Алайда алданған азаматтар ақыры билеттерін алмағанын айтып, полицияға хабарласқан. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде