jasqazaq.kz

Жалған ақша жасағаны үшін Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

09 маусым 2025, 15:42

Ол 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағында өткізген деген күдікке ілінген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Грузиядағы елшілігінің көмегімен Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізе отырып, жалған банкноттарды сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады.

— Ол 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағында өткізген деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың мамырында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы