jasqazaq.kz

Жалған ақпаратпен «күрес»: 4,5 миллион кімнің қалтасына кетті? (Видео)

06 ақпан 2025, 12:25

 

Америка сыртта оңды-солды, орынсыз шашылған ақшаның есебін шығара алмай жатыр. Көптігі сонша. «Ізгі ниетпен» деп бөлінген жасыл қағаздың бір бөлігі біздің елге де бұйырыпты.

Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы Керолайн Левитт (Karoline Leavitt) «Жалған ақпаратпен күресті қаржыландыруға» деп Қазақстанға 4,5 млн доллар жіберілгенін хабарлады. Ол, сондай-ақ, АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігінің Гватемалада жыныс ауыстыру үшін 2 млн доллар бөлгенін де атап өтті. Бұған дейін бұрынғы президент Байден басқарған биліктің ЛГБТ ұйымдарын ерекше жарылқап, тіпті, трансгендерлерге арналған операны да қаржыландырғаны мәлім болған еді.

Ал біздегі әлеуметтік желі мен кейбір сайттарда ақты қара, өтірікті шын деп көрсететін дүние өріп жүр. Құзырлы орындар болмаса, білек сыбанып, бұрысты терістеп жүргендерді көрмедік. Керісінше, өтірікті өрге сүйрейтіндер де сол, шеттен жем жейтіндер емес пе?..

«Жалған ақпаратпен «жан аямай соғыстық» деп Американың жомарт қолынан грант алғандар кімдер? Жұрттың көкейіндегі сұрақ осы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Срайыл Смайыл

Сурет: kaspersky.ru

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі