jasqazaq.kz

Жалақысын талап еткен азамат тапаншамен шошытты (видео)

14 наурыз 2017, 16:18

Әлеуметтік желіде жалақысын ала алмай, төзімі таусылған ер азаматтың жұмыс берушілеріне тапаншамен тап берген видеосы жарияланып, ол кеңінен талқыға түсіп жатыр.

Бұл видео «ВКонтакте» және Instagram желілеріндегі «За тебя, Бәке / ZTB» тобында жарияланыпты. «Осындай жағдайға жеткізді. Ер адам жалақысын бопсалап жатыр», — делінген видеоның сипаттамасында.

Бұл оқиғаның қайда және қашан болғаны әзірше белгісіз. Дегенмен видеоға пікір қалдырған адамдар бұл жайт туралы біршама деректің бетін ашты. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.

«Мен, не қайыршымын ба, алдарыңда алақан жайып отыратын. Саня, бар деймін саған, бар!.. Енді тағы қайталап сұраймын, менің жалақым беріле ме, берілмей ме?.. Қашан?..» деген ер адам кері бұрылып, кетіп бара жатқан ыңғай танытып, шалбарының ышқырынан тапаншаны алады да, есікті жауып қайтадан оралады. Сөйтіп тапанша кезенген адам ақшасын талап етеді.

Видеоны жұмыс беруші тараптың бір өкілі түсірген. Ер адам нақты жауап ала алмаған соң тапаншасын шығарып, «операторға» кезейді.

Желіде пікір жазғандарың басым бөлігі ер адамның үлкен сомаға жеткен ақшасын ала алмай жүргенін айтып отыр. Instagram желісіндегі топқа жазылған пікірлерде кейбір қолданушылар ер адамның 700 мың сомасындағы қаражатты ала алмай жүргенін айтқан. Фирма нысанды өткізіп болған соң басқа қалаға көшіп кеткен деседі. Ал осы әрекеті үшін, қолданушылардың мәліметінше, ер адам шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде