jasqazaq.kz

Жалған гауһар тас кісі өліміне себеп болды

21 ақпан 2017, 11:36

Асыл тас Қарағанды тұрғынының өліміне себеп болды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Қарағанды облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылығы, қару сақтағаны және кісі өлтіргені үшін айыпталған үш ер адамның ісін қарауда. Тергеу нұсқасы бойынша жанжалдың шығуы мен кісі өліміне жалған гауһар тас себеп болған. «Үш ер адам бірқатар қылмыс жасағаны, оның ішінде кісі өлтіргені үшін айыпталуда», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде. Айыптау актісіне сәйкес сотталушылардың бірі танысынан гауһар тас сатып алған, бірақ ол жалған болып шыққан. Сатып алғаннан кейін екі айдан соң оның жалған екенін білген ол танысымен хабарласып, тас үшін берген Range Rover, Toyota Land Cruiser 200 және Lexus RX 350 — үш көлікті қайтаруын талап етеді. Алайда бұл сәтте ер адам Lexus RX 350 көлігін сатып үлгеріп, бес мың доллар түсімді үшінші адамға беріп жіберген. Жалған бриллиант алып алданған ер адам екі досымен сатқан адамнан ақша алу үшін барады. Олардың арасында Ақтас көшесінде жанжал туындайды. Сотталушылардың бірі ер адамға оқ атқан, өлім аузында жатқан ер адамды көлікке салып, Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығының шығаберісіне тастап кетеді. Ер адам есін жимастан көз жұмады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде