jasqazaq.kz

Жалған ақпараты үшін айыппұл төлейді

28 шiлде 2016, 21:39

1362654934_zvonok

Қарағанды облысында арнайы қызметке қоңырау шалып, жалған ақпарат берген 35 жастағы келіншекке айыппұл салынды. Бұл туралы Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 26-шілдеде 102 — шұғыл байланыс желісіне Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылындағы бір саунада 6 жігіттің теракт жасау туралы әңгімелескені, олардың моншаға шомылып болған соң екі автокөлікке мініп кетіп қалғанын айтып, белгісіз біреу хабарласқан.

Шұғыл-іздестіру шаралары барысында саунада болған жігіттер ұсталған. Олар Қарағанды қаласының тұрғындары болып шықты. Тергеу кезінде олар 25 шілде күні Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылында орналасқан демалыс аумағынан бір үйді жалға алғандарын айтқан. Бірақ таңғы бесте олар жалға алған үйдің ақысын төлемей кетіп қалған. Сондай-ақ олар теракті туралы ешқандай сөз қозғамағандарын айтып, ант-су ішкен.

Жағдайды анықтау кезінде демалыс аумағының әкімшісі үйді жалға алғандардың кетіп қалғанын білгенде, 102 телефонына жалған ақпарат беріп, қоңырау шалғаны анықталды.

35 жастағы келіншекке қатысты„ Арнайы қызметке жалған қоңырау түсіргені„ туралы ҚР Әкімшілік кодексінің 438-бабының 1-тармақшасына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде