jasqazaq.kz

Жалған 200 теңгемен 20 мыңның саудасын жасады

31 қантар 2017, 18:45

Екібастұз қалалық сотында алаяқтық фактісі бойынша Николай Бұлұмбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Рavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша айыпталушы Қарағанды қаласындағы «Океан» базарында номиналы 10 мың теңгелік жасанды ақша сатып алған. Бұл арқылы сауда жасауға болмайтыны туралы кәдесыйда ескертіліп жазылған. Дегенмен 200 теңгеге тағы да тоғыз жалған ақша сатып алған ол кешкісін Екібастұзға аттанған. — 2016 жылдың қыркүйек айында айыпталушы қолындағы ақшаның төлем құралы болмайтынын біле тұра сатушыларға ұсынып, 10 мың теңгелік жалған екі банкнот арқылы 17 мың теңге тұратын «Lydia» фирмасының қысқы киімін сатып алған. Бұған қоса, қалған үш мың теңгесін қайтарып алған да оқиға орнынан табанын жалтыратқан. Нәтижесінде дүкен иесіне 20 мың теңге шығын келтірген. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 68-бабына сәйкес зардап шегушілермен медиативті келісім жасау бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылып, айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, — деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Айгерім Сүлейменова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде