jasqazaq.kz

Жақып Асанов: Аграрлық ғылыми жетістіктер тек қағаз жүзінде қалып жатыр

24 қараша 2023, 11:54
Фото: Today.kz: UGC

Фермерлер өзіне керек өнімдерді шетелден алып жатыр. Бұл туралы аграрлық ғылымды дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.
«Ғылыми жаңалықтарды енгізу жағынан әлемдік көштен қалып келе жатқан сияқтымыз. Бізде үш арнайы аграрлық университет, 34 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтары, тәжірибелік станциялар бар. Онда 2,5 мыңдай ғалым жұмыс істеп жатыр. Бірақ осының бәрі көп пайда береді деп айту қиын. Шаруаларға керектің көбісін шетелден аламыз. Бидай тұқымын, минералды тыңайтқыштарды, техниканы сырттан тасып жатырмыз. Жердің құнарын жақсартатын ғылыми негіздерді де енгізе алмай жүрміз», — деді Ж. Асанов.
Бұл тұрғыда ол мал шаруашылығында да жағдай осындай екенін айтты. Инновациялық технологияның бәрі шетелден жеткізіліп жатыр.
«Сонда „біздің аграрлық ғылым немен айналысып жатыр?“ деген орынды сұрақ туады. Кейінгі 20 жылда бір бітпей жатқан реформалар. 9 жыл бұрын барлық ғылыми институт пен оқу орындарын біріктіретін Ұлттық аграрлық ғылыми орталық құрылды. Бірақ, басшылар шақ келмеді. Зерттеу институттары тек көшумен жүр. Бұл — реформа емес, тек имитация. Әрине, аграрлық ғылым құлдырау үстіндеп деп айтудан аулақпыз. Ізденіп жаңалық ашып жатқан ғалымдар баршылық. Бірақ сол ғылыми жетістіктер тек қағаз жүзінде қалып, өндіріске енгізілмей жатыр. Кейбір техника мен технологияны басқа елден алып келуге қарсы емеспіз. Мүмкін ол тиімді де шығар. Алайда жердің құнарлығын көтеру, себетін тұқым мен органикалық тыңайтқыштарды өндіру, өз жағдайымызға бейімделген шаруашылықты дамыту, оның өнімділігін көбейту, әлемге ұлттық өнімдерді шығару — ол тек өзіміздің міндетіміз. Яғни біздің ғылымның міндеті. Неге осы күрделі мәселелерді шеше алмай келеміз? Соған нақты жауап естісек деген мақсатпен бүгін жиналып отырмыз», — деді Сенат төрағасының орынбасары.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі