jasqazaq.kz

Жайықтағы су тасқыны: 1400-ге жуық адам эвакуацияланды

22 сәуiр 2024, 9:44

Төтенше жағдайлар министрлігі мен жұмылдырылған күштер Батыс Қазақстан облысындағы су басқан саяжай учаскелерінен алдын ала 1376 адамды эвакуациялап, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Уақытша орналастыру пункттерінде барлығы 1497 адам бар. Қалған азаматтар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

“Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Әуеде тікұшақ жұмыс істеуде. Осы сағатқа дейін 100-ден астам үй жануары эвакуацияланды. Жұмыс жалғасуда”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының эвакуациялық пункттерінде 2 300 адам, оның ішінде 985 бала бар. 4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Бұған дейін Жайық өзенінен тасыған су Орал маңындағы саяжайларды басып қалғанын хабарлаған едік.
БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келгені айтылады. Адамдар алдын ала эвакуацияланған.
“Алайда, жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда”, – деп қосты ТЖМ.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді