jasqazaq.kz

Жайлы мектеп: Нұршуақ шағынауданында 2 мың орындық мектеп салынуда

19 шiлде 2023, 13:08

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма берген болатын. «Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жылдары мегаполис аумағы кеңейіп, миграциялық және демографиялық өсім артып келеді. Бұл өз кезегінде білім ошақтарына деген сұранысты көбейтіп отыр. Қалада жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушы саны соңғы екі жылда 23 мыңға артқан.

Қажеттіліктер ескеріліп, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 37 700 орындық 25 мектептің құрылысы қарастырылған. Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы бекітілген. Алдағы жылы 20 400 орындық 13 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов ұлттық жоба аясында Нұршуақ елдімекенінде салынып жатқан 2 мың орындық мектептің жобасымен танысып, жұмыс барысын тексерді. Қазір білім ғимаратын салуға елдімекен аумағынан 4, 2 гектар жер телімі бөлініп, құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес заманауи талапқа сай бой көтеретін білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі.

Құрылысы 2024 жылы аяқталатын 11 жайлы мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жобалаушы мекеме тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама қорытындысы қараша айына дейін әзірленеді.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің инженерлік-коммуникациялық желілерін талапқа сай жүргізіп, ғимараттардың кескін-келбетін мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай жабдықтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласында жастардың заманауи талапқа сай білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қала мектептерін талапқа сай жабдықтау, ғимараттарды жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Жоспарға сәйкес үшінші мегаполисте биыл 9 білім беру мекемесінің, оның ішінде 4 мектептің, 1 мектеп-интернатының, 2 балабақшаның, 1 колледждің, 1 оңалту орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіледі. Былтырғы жылы 3 мектепке және арнайы мектеп-интернат күрделі жөнделген болатын. Сондай-ақ жыл соңына дейін мегаполистегі 257 білім ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізетін болады.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее