jasqazaq.kz

«Жағажайда ішімдік ішуге тиым салынсын!»

06 маусым 2023, 15:35
traasgpu.com

Фото: traasgpu.com

Премьер-Министр Әлихан Смайылов шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын пысықтап, бақылауда ұстау керектігін қатаң ескертті. «Әкімшілік шаралар қолдану арқылы жағажайларда ішімдік ішуге жол бермей, тыйым салу керек. Ол үшін демалыс орындарындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмыстарын күшейту қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, шағын көлемді кемелерді пайдалану барысын бақылау бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Су қайығын қолдануда техникалық ақаудың кесірінен арты қайғымен аяқталған жағдайлар бар. Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын нақты үйлестіруді қамтамасыз етіп, қоғамдық құтқарушыларды тарту шараларын күшейтуі қажет. Өңір әкімдіктері шомылу маусымына арналған іс-шаралар жоспарларының сапалы орындалуын назарда ұстауы тиіс. Осы мәселелерді үйлестіру Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктеледі», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі