jasqazaq.kz

«Жабайылық»: Баян Алагөзова қазақтың сәлем салу дәстүріне қарсы екенін айтты

12 наурыз 2025, 15:30

Продюсер Баян Алагөзова сәлем салуға үзілді-кесілді қарсы. 8 наурыз құрметіне бір топ әйел жиналып, әр түрлі тақырыптың басын шалған подкастта ол:

«Маған ешқашан да ер адамға бас ию дегенді үйреткен емес.Алматыға барғанымда Шымкенттен келген қыздардың иіліп, сәлем салғаны мен үшін өте жабайылық болды. «Не үшін иілесің» десем, «бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек» дейді. Кешіріңіздер, мен әкемді өте құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ менде мұндай құлшылық ету деген болған емес.

Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген. Кеңес Одағының батыры атағын алған әйелдердің бәрі батыс жақтан. Жамбылдан да, Шымкенттен де шыққан жоқ. Бәрі Орал мен Ақтөбеден. Батыста біздің қыздар еркіндікті жақсы көреді. Құдайға шүкір, өзім осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын», — деп деді.

Біреулер оны қызу қолдаса, «сәлем салудан қор болып қалған ешкім жоқ» деп сынағандар көп.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі