jasqazaq.kz

Жақиянов жеңіп алған белбеуінен айырылып қалды

16 наурыз 2017, 12:10

Жанат Жақиянов жақында ғана қол жеткізген IBO тұжырымының чемпиондық белбеуінен айырылып қалды.

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27-1, 18КО) өзінің екінші, яғни IBO тұжырымының белбеуінен айырылып қалды. Енді Жақияновтың еншісінде тек WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат boxrec.com сайтына сілтеме жасап мәлімдеді. Дереккөздің хабарлауынша, ұйым бұл тұжырымның чемпионы атағын жеңіп алған Жанат Жақияновтан тартып алыпты. Оған басты себеп, отандасымыздың IBO ұйымына белбеу үшін берілетін жарнаны төлемеуі. Еске салайық, бұл чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренге қарсы өткізген 12 раундтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жеңіп алған еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде