jasqazaq.kz

Жаңажылдық отшашу ауаны қатты ластайды

03 қантар 2017, 18:04

Германия билігі жария еткен деректер бойынша жаңа жыл түнінде жер-жерде фейерверк атудың салдарынан ауаның ластану деңгейі жол берілетін нормалардан асып түсті, деп хабарлайды Би-би-си.
serke.org хабарлағандай, жаңа жыл түнінде Мюнхенде ауаның құрамындағы заттарды өлшеудің нәтижесінде анықталғандай, ауадағы зиянды заттардың деңгейі ЕО рұқсат еткен ауаның бір текше метріне 50 микрограмм зиянды заттар келеді деген көрсеткіштен 27 есе көп болған.
Жалпы, Германия бойынша бұл күні ауаға 4 000 тоннаға жуық зиянды заттар тасталады екен, бұл бір жылда автомобильдерден ауаға тасталатын бүкіл зиянды заттардың 15%-ына тең деуге болады.
Отшашудың нәтижесінде шаңның, былғаныш заттардың және күйенің бөлшектері микробөлшектерге айналады да, содан соң еш кедергісіз аданың өкпесіне өтеді, ал бұл денсаулыққа елеулі қатер туғызуы мүмкін.
Қоршаған ортаны қорғайтын ұйымдар елдің билігіне жеке адамдардың фейерверк пайдалануына тыйым салу жөнінде талап қойып отыр.
Бұған дейін Еуропаның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі Еуропада ауаның ластануы жыл сайын 467 мыңға жуық адамның мезгілсіз өліміне әкеледі деп хабарлаған болатын.
Атап өтетіні, қазіргі уақытта бұл барлық елдерге тән құбылыс болып отыр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді