jasqazaq.kz

Жаңа жыл қарсаңында баға қымбаттай ма?

27 желтоқсан 2016, 21:55

Жаңа жылмен қатар келетін әдеттегі қымбатшылық басталды. Мерекені кім-кімде болсын, кең дастарханның үстінде қарсы алғысы келеді. Осыны пайдаланған сатушылар да бағаны аспандатып жатыр. Бұл ретте азық түлік өнімдері ең қымбат өңірлердің қатарында еліміздің солтүстігі.
31.kz хабарлағандай, Петропавлдағы бағасы арзан базарлардың біріндеміз. Бірақ мұнда да жаңа жыл мерекесі алдында азық түлік өнімдерінің қымбаттағаны байқалады. Ендеше сауда сөрелерін аралап көрейік.

Әдеттегі қарбаласты біз бұнда байқай алмадық. Базар аралап жүрген бірең-сараң адам ғана көрінеді. Тұрғындар шарықтап кеткен бағаға кез келгеннің қолы жете бермейді дейді. Дастарханның көркі болатын жеміс-жидектерді бір келісіне мың теңгеден сатып жатқандарға наразы.

— Ет өнімдері өте қымбат. Аспаннан алып қоя салатын сияқты.
— Билік осы жаңа жыл қарсаңында бағаларды ерекше назарға алу керек қой. Бізде ешкім мониторинг жүргізбейді. Кесірінен қымбатшылық пайда болды.
— 35 мың зейнетақыға күн көретіндер үшін қиын. Коммуналдық қызметтен артылмайды. Ал мен мысалы, тек 7 мың теңгеге жемістерді ғана сатып ала алдым.

Конфет-печеньелердің де ең арзаны бір мың теңгеден басталса, қымбаты екі мың теңгеден асып жығылады. Есесіне жергілікті өнім болса да картоп, сәбіз, қырыққабат аса қымбаттай қоймапты. Келісіне 100-150 теңгенің маңында. Ал сатушылардың сөзінше бұл өнімдердің де бағасы өскен. Бірақ онсыз да келушілер аз болғандықтан әрбіріне өзімізден 10 теңге ғана үстінен қосуға мәжбүрміз дейді.

ЛЮДМИЛА КРЫСИНА, Сатушы:
— Қызанақ пен қиярдың қымбаттағаны қатты байқалады. Бұны делдалдар әдейі өсіріп отыр. Осы кезде табысқа кенелгісі келеді. Мен мысалы қиярды алған бағасына небәрі 50 теңге қостым.

Көкөніс пен жемістердің ішінде жүзім, мандарин, апельсиндердің біршама қымбаттағанын байқадық. Қызанақ пен қиярдың бір келісі бір мың теңгеден асып жығылады. Сондай-ақ екі мың теңгеден арзан бағада базарларда етті таппайсыз. Тіпті өңірде өндірілсе де, жұмыртқаның бағасы рекордтық деңгейге жеткен. Базардағы сатушылардың өзі жаңа жыл алдындағы қымбатшылықты болдырмауға ешкімнің де қауқары жетпейтінін ашық айтады. Жаңа жылмерекесіне 4 күн қалғандағы баға мынадай

1 кг алма — 400-500 теңге
1 кг мандарин — 650-700 теңге
1 кг жүзім — 850 теңге
1 кг қызанақ — 850-900 теңге
1 кг қияр — 1100 теңге

1 кг жылқы еті — 1800 теңге
10 дана жұмыртқа — 300-310 теңге

Ал сатушылар, жаңа жыл жақындаған сайын дастархан мәзірі болатын азық-түліктің қай-қайсысы болса да көтеріледі дейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде