jasqazaq.kz

Жаңа министрліктегі алғашқы жемқорлық

22 ақпан 2017, 18:44

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты департаменттің қызметкері ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ШҚО-да Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директорының орынбасары 6,2 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директорының орынбасары Е.Арпапабевты ұстады. Ол заңсыз сыйақыны облыстағы кәсіпорындардың бірінің өкілінен Министрлікің мемлекеттік материалдық резеврі Комитетімен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа қол қою үшін алған», — делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, антикоррупциялық қызметтегілер Арпабаевтың Өскемендегі ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлап отыр. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы Қаулы 6 қазанда Ақорданың сайтында жарияланған болатын. Айта кетейік, министрлік қызметінің негізгі бағыттары — қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде