jasqazaq.kz

Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгере ме?

15 ақпан 2017, 9:28

Енді азаматтарға жол ережесін өз беттерінше оқып алып, кейін емтихан тапсыруға тыйым салынуы мүмкін. Депутаттар «Жол қозғалысы туралы» заңға осындай өзгеріс енгізіпті. Мәжілісмендер әзірге бұл құжатты талқылап жатыр.

«Азаматтарға жүргізуші куәлігін алу үшін жол ережелерін үйде оқуға рұқсат берілгелі жағдай нашарлап кетті. Көлік апаты көбейген. Соңғы 8 айда өз бетінше білім алған 3 мыңға жуық үміткердің тек 20 пайызы ғана емтиханды сәтті тапсырыпты», — дейді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Ал арнайы автомектептерді бітірген 500 мың адамның тең жартысы сынақтан сүрінбей өтіп, тиісті куәлік алған. Жалпы, Ішкі істер министрлігі былтыр ғана тұрғындарға ешқандай курсқа бармай-ақ, өз бетімен оқуға рұқсат берген болатын. Яғни, жол ережесін жаттап алған соң азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алатын. Депутаттар заңдағы дәл осы жеңілдікті алып тастамақ. Өйткені, бұл норма күшіне енгелі елімізде көлік апаты көбейіп кеткен. Енді жұрт міндетті түрде автомектептерде оқуы тиіс. Сондай-ақ, халық қалаулылары жүргізушілерге көлікті тоқтатқан полицейдің әрекетін видеоға түсіруге де заңмен рұқсат етпек.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде