jasqazaq.kz

Жүрек талмасынан көз жұмған әйел 7 адамға өмір сыйлады

16 наурыз 2017, 20:52

Ақтөбеде инсульттан көз жұмған 45 жастағы әйел 7 адамға донор болды. Марқұмның туыстары оның органдарын өзге науқастарға беруге келісімін берген.

Қайтыс болған әйелдің бауыры, бүйректері, өкпесі және көздері 7 адамға өмір сыйлаған. Оның бір бүйрегі 36 жастағы әйелге, екіншісі 58 жастағы ер азаматқа беріліпті. Науқастардың екеуі де бұған дейін төсекке таңылып, гемодиализ аппаратына қосылған екен. Ал марқұмның қалған органдары шұғыл түрде Астанаға жіберілген. Бұл туралы nur.kz сайты хабарлады.

Айта кетейік, Ақтөбеде ағза алмастыру операциясы ең алғаш рет 3 жыл бұрын жасалды. Сол уақыттан бері 24 науқастың бүйрегі, 7 науқастың бауыры алмастырылған.

«Ағза алмастыру операцияларының 83 пайызы — тірі адамдардың донор болуы, қалған 17 пайызы — қайтыс болғандардың донорлығы. Әлі 400-ге жуық ақтөбелік орган алмастыру үшін кезекте тұр. Көбісі бүйрек пен бауыр алмастыруға мұқтаж», — дейді облыстың дәрігерлері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде