
Қытайда тұратын қандасымыз ережесіз жекпе-жектен кезекті жеңісіне қол жеткізді.
UFC сайыс шебері Жұмабек Тұрсынұлы осыдан бірнеше күн бұрын MMA түрі бойынша Күнлүн сайысындағы алғашқы жарысын өткізіп, кезекті жеңісіне жетті. ҚазАқпарат хабарлағандай, Ол жекпе-жек кешінде Грузиядан келген Паата Робакидзені қапы қалдырды. Жарыс небәрі 2 минут 19 секунд уақытқа созылды. Қазақ батырының бүйірден тепкен жойқын соққысы қарсыласын есінен тандырып, жарыс жолынан тайдырды. Осылайша, Жұмабектің MMA түрі бойынша Күнлүн сайысындағы алғашқы жарысы жеңіспен аяқталды.