
Қазақстанның танымал жұлдыздары жаңажылдық корпоративті жағажайда өткізді. «Гавай сауық кеші» стилінде ұйымдастырылған кеш Астанадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында орналасқан Sky beach жағажайында өтті. Мерекеге Тамара Асар, Ләйлә Сұлтанқызы, Әлішер Кәрімов, Тәуекел Мүсілім, Ерке Есмахан және өзге де шоу-бизнес өкілдері барған.

Суға түсіп, волейбол ойнап, құм үстінде билеген Жаңа жылдағы жазғы демалыстардың суреттерін медиа тұлғалар әлеуметтік желілерге орналастыруда. Кешті Қазақстандағы үздік event-агенттіктердің бірі Zhan alemi group ұйымдастырған, жетекшісі — Жан Мұқанов.

https://www.instagram.com/p/BOkzNq4hZSY/?taken-by=impresario_kz