jasqazaq.kz

Жұлдызай “Алдараспанға” қайтып келетін болды

17 ақпан 2017, 10:42

“Алдараспан” театрының Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концертінде Жұлдызай Дүйсенбиева өнер көрсетеді.

stan.kz хабарлағандай, аталған бағдарламаға хабарласқан көрермен Жұлдызайдан “Алдараспан” театрына қайтып келуін өтінді. Актриса өз кезегінде баласының әлі кіші екенін айтып ақталды.

“Жұлдызай ханым, “Алдараспанға” қайтып келіп, сол театрдың көркі болса екен деп сағынамын. Сіздің орныңызды ешкім баса алмайды. Керемет ойыныңызға қарап сізді қатты жақсы көремін, ерекше бағалаймын. Сіз “Алдараспанға” қайтып келсеңіз, ол театрда көп нәрсе өзгеретін еді деп ойлаймын”, – дейді хабарласқан көрермен. Актриса бұл сөздерден кейін көңілінің босап қалғанын жасырмады. Мұнымен қатар, соңғы жаңалықтарын да айтып өтуді ұмытпады.

“Нұржан екеуіміз театрдан кеткен кезде, әйелі мен күйеуі ажырасып жатқандай болдық. Ал халық екі тарапты қоса алмай жүрген сияқты. Маған тіпті “Осының несі қиын? Сен бірінші болып бара салсаңшы?!” деп айтатындар да бар. Шын мәнінде, қазір арамызда ешқандай кикілжің жоқ. Балам кішкентай болғандықтан, гәстрөлдік сапарға көп шыға алмай жатырмын. Сол себепті ғана арасында қонақ болып жүрмін. Мен сахнадан кетпеймін. Келесі жылы бастан-аяқ концертінде жүруім мүмкін. Биыл төркіндеп барамын, мені қалай қабылдайтынын көремін.

Ол беретінін берсін, мен алайын. Барлығын содан кейін көретін боламыз. Ниетіңізге көп рахмет! Менің көңілім босап кетті. Күйеуім сахнаға шығуыма қарсы емес. Сол себепті ғана қызымның 10 айлығынан бастап сахнада жүрмін. Кішкентай балаларға арналған студиям бар. Балалар театрын да ашып алдым. 26 ақпанда Шымкенттен тағы да бір балалар студиясын ашуым мүмкін. Әзірге кастинг жариялап қойдым. Сол күні Нұржанмен кездесемін. Құдай қаласа, кішкентайым келесі жылы аяққа тұрып алсын. Осы екі ортада бір шығып үлгеремін. Одан кейін қайтадан демографияны қолға аламын”, – дейді Жұлдызай ханым.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде