jasqazaq.kz

Жүк көлігіне шабуылдағандарды ұстау операциясы (видео)

06 ақпан 2017, 17:00

Жамбыл облысының полициясы жүк көліктерінің жүргізушілеріне шабуылдағандарды ұстау операциясының видеосын көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«3 ақпанда «Рубеж» — «Бурылбайтал» бақылау постында қызметін атқарған ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция қызметкерлері сағат 12:40 шамасында «Фольксваген Гольф» көлігін ұстау жайында хабарлама алды. Көлікте отырғандар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген», — деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Көлік ішінде үш ер адам болған. Олар жүк көліктерінің жүргізушілеріне бірнеше рет шабуыл жасаған болуы мүмкін екені айтылады.

Қазіргі кезде күдіктілер ұсталып, Мойынқұм полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталғандар Алматы, Қарағанды облыстарының және Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғындары. Аталған дерек СДТБТ-ға 192-баптың 2-тарауы бойынша тіркелді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеуге кедергі болмас үшін шабуылдың мән-жайы айтылмады.

https://www.youtube.com/watch?v=cWZxzUclgqc&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде